Құрметті ата-аналар!
№60 «Арай» балабақшасына қош келдіңіздер!
Біз - балаларыңыздың алғашқы тәрбиесі мен дамуына арналған қауіпсіз, жылы және мейірімді орта қалыптастыратын мекемеміз.
Біздің мектепке дейінгі мекеме 2011 жылы типті балабақша болып құрылған. 2 жастан 6 жасқа дейінгі 12 топта 327 бала тәрбиеленуде.
Мақсатымыз:
Әр балаға өз қабілетін ашуға, шығармашылықпен ойлауға және достық қарым-қатынаста болуға мүмкіндік беру.
Бізде:
- Қауіпсіз және жайлы орта – санитарлық талаптарға сай, заманауи жабдықталған топтар.
- Тәжірибелі педагогтер – бала психологиясын жақсы білетін, мейірімді және кәсіби мамандар.
- Дамытушы бағдарламалар – ойын арқылы оқыту, тіл дамыту, логика, музыка және қимыл-қозғалыс ойындары.
- Дұрыс тамақтану – салауатты және теңгерімді ас мәзірі.
- Ата-анамен тығыз байланыс – ашық есік күндері, жеке кеңес беру және бірлескен іс-шаралар.
- Ақылы қызмет көрсетіледі - күрес, футбол, тұзды шахта, жүзу, хореография, интеллектум, робототехника және бейнелеу өнері.
- Тәрбие беру тілі: қазақ, орыс.
- Меншік нысаны: мемлекеттік.
Жұмыс уақыты:
Дүйсенбі - жұма, сағат 07:30-дан 18:00-ге дейін