Жүгіру жолы
Кіру
AA+
010000, Астана қаласы, Сарайшық ауданы Мичурин тұрғын алабы, 247 орамы, 2 үй
8 (7172) 29 45 55
8 (7172) 29 45 57
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
Астана қаласы әкімдігінің «№ 60 «Арай» балабақшасы» МКҚК

Инклюзияны қолдау кабинеті (ИҚК) 2023 жылдың қыркүйек айында

«Болашақ» корпоративтік қорының «Әр бала қадірлі» жобасы аясында ашылды.

 

Мақсаты:

Ерекше білім беруді қажет ететін балалардың ЕББҚ оқуына, дамуына және әлеуметтік бейімделуіне қолайлы жағдай жасау.

Барлық балаларға сапалы білім алуға тең мүмкіндік беру.

Тәрбиешілер мен ата-аналарға психологиялық-педагогикалық және түзету қолдауын ұйымдастыру.

 

Міндеттері:

Балалардың даму деңгейін диагностикалау және жеке даму бағдарламасын құру.

Заманауи әдістер мен технологияларды қолдана отырып түзету-дамыту жұмыстарын жүргізу.

Ата-аналармен ынтымақтастықта баланың дамуын қолдау.

Педагогтердің инклюзивті білім беру саласындағы кәсіби біліктілігін арттыру.

 

Контингент

Қазіргі уақытта кабинетте 20 бала ерекше білім беруді қажет етеді.

Мамандар құрамы

ИҚК-де келесі мамандар жұмыс істейді:

 

логопед мұғалім,

дефектолог,

педагог-психолог,

педагог-ассистент.

 

Мамандардың жұмысын психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі үйлестіреді.

 Бағдарлама және диагностика

Жұмыс VB-MAPP бағдарламасы бойынша жүргізіледі, ол баланың даму деңгейін анықтап, жеке бағыттағы түзету жұмыстарын айқындауға мүмкіндік береді.

Барлық мамандар «Болашақ» қорының курстарынан біліктілігін арттырды.

 Материалдық-техникалық база

Кабинет қажетті құрал-жабдықтармен, дидактикалық және көрнекі материалдармен толық қамтамасыз етілген. Балалардың жайлы әрі нәтижелі дамуына барлық жағдай жасалған.

 

Командалық жұмыс

ИҚК ұжымы біртұтас команда ретінде жұмыс істейді, ата-аналармен және педагогтермен тығыз байланыс орнатылған.

Кешенді жұмыс түрлері:

 

бейімделген дене шынықтыру (АФК),

еңбек терапиясы,

ертегі терапиясы,

ойын  терапиясы.

 

Информация по КПИ

 

Кабинет поддержки инклюзии (КПИ) был открыт в сентябре 2023 года в рамках проекта Корпоративного фонда «Болашак»